Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азия ойындары: 28 қыркүйекте қазақстандық бес боксшы шығады

kz.kursiv.media

Азия ойындары: 28 қыркүйекте қазақстандық бес боксшы шығады

28 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының бес боксшысы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Жеңіске жеткен спортшылар кемінде қола жүлдеге кепілдік беріп, жартылай финалға шығады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алғашқы сессия Қазақстан уақытымен сағат 08:00-де басталады.

51 келіде Алуа Балқыбекова Жапония өкілі Юна Нишинакамен кездеседі. Оның жекпе-жегі шамамен 08:45-ке жоспарланған.

75 келіде Наталья Богданова Өзбекстан боксшысы Азиза Зокировамен жұдырықтасады. Кездесу шамамен 09:45-те өтеді.

70 келіде Төрехан Сабырхан Ирак өкілі Әли Ас-Сараимен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Жекпе-жек шамамен сағат 10:00-де басталады.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

55 келіде Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея өкілі Шин Джэёнмен кездеседі. Жекпе-жек шамамен сағат 14:00-де өтеді. Сабырхан бұған дейін 1/8 финалда ирандық Мехди Каземиді 5:0 есебімен жеңген.

90 келіде Нұрбек Оралбай Өзбекстан боксшысы Турабек Хабибуллаевпен жұдырықтасады. Бұл кездесу шамамен сағат 15:00-ге жоспарланған. Оралбай алдыңғы кезеңде ауғанстандық Силаб Нуриді 5:0 есебімен жеңген.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Бұған дейін, еркектер арасында Сабыржан Аққалықов пен Оразбек Асылқұлов жарыс жолын аяқтаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар