Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шайдоров Олимпиададан кейін алғаш рет жарысқа шығып, жеке рекордын жаңартты

kz.kursiv.media

Шайдоров Олимпиададан кейін алғаш рет жарысқа шығып, жеке рекордын жаңартты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Братиславада өтіп жатқан Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында тұр. Бұл — оның Миландағы Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми жарысы, деп хабарлайды Kursiv Media.

Шайдоров қысқа бағдарламасы үшін 95,98 ұпай жинады. Бұл — оның жеке рекорды. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) дерегінде бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 2024 жылғы Денис Тен мемориалында тіркелген 95,50 ұпай болған. Ал 2026 жылғы Олимпиадада қысқа бағдарламада ол 92,94 ұпай алған еді.

Жарыста әзірге Евгений Семененко көш бастап тұр — 101,16 ұпай. Екінші орында италиялық Даниэль Грассль — 99,10 ұпай. Шайдоров бірінші орыннан 5,18 ұпайға қалып келеді.

Шайдоров күрделі төрт айналымды лутц – үш айналымды тулуп комбинациясын және үш айналымды аксельді орындады. Төрт айналымды тулуптан кейін қону кезінде шағын қате жіберген.

Ондрей Непела мемориалы Challenger сериясына кіреді. Ерлер арасындағы жүлдегерлер 26 қыркүйекте еркін бағдарламадан кейін анықталады. Шайдоров үшін бұл турнир Олимпиада алтынынан кейінгі жаңа маусымдағы алғашқы үлкен сынақ болып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар