Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда құрастырылған Jaecoo J5 пен J7 PHEV-тің бағасы белгілі болды

kz.kursiv.media

Қазақстанда құрастырылған Jaecoo J5 пен J7 PHEV-тің бағасы белгілі болды

Қазақстанда құрастырылған жаңа екі Jaecoo кроссоверінің бағасы жарияланды. Олар шағын J5 және қосылатын гибридті J7 PHEV. Екі модель де Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылады.

Jaecoo J5 – Chery суббрендінің ең шағын кроссовері. Қазақстанда модель Luxury жиынтығымен ұсынылады. Ол 1,5 литрлік, 147 ат күші бар турбоқозғалтқышпен және қос іліністі алты сатылы роботты беріліс қорабымен жабдықталған.

Салонда 8 дюймдік цифрлық аспаптар панелі және тігінен орналасқан 13,2 дюймдік мультимедиа экраны бар.

Жабдықтар қатарында Apple CarPlay және Android Auto, екі аймақты климат-бақылау, алдыңғы орындықтар мен рульді жылыту, жылдам қуаттайтын USB-C ұясы және жүксалғыш есігінің электр жетегі қарастырылған.

Өндірушінің айтуынша, салонда тырнаққа төзімді әрі оңай тазаланатын материалдар қолданылған. Сондай-ақ көлікте ауаны бірнеше деңгейде тазарту жүйесі бар.

Қосылатын гибридті Jaecoo J7 PHEV Қазақстанда 12,8 млн теңгеден сатылады.

Кроссовер SHS гибрид жүйесімен жабдықталған. Оның құрамына 1,5 литрлік турбоқозғалтқыш, электр моторы және 1DHT трансмиссиясы кіреді. Қуат қондырғысының жиынтық қуаты 347 ат күшіне, ал ең жоғары айналу моменті 525 Н·м-ге жетеді.

Көлік тек электр қуатымен 91 шақырымға дейін жүре алады. Ал толық жүріс қоры 1 200 шақырымнан асады.

Сыйымдылығы 18,3 кВт·сағ батарея 30%-дан 80%-ға дейін шамамен 20 минутта жылдам қуатталады.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Omoda және Jaecoo көліктері қыркүйекте Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) зауытынан шықты.

Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, компания 2026 жылдың соңына дейін осы екі брендтің шамамен 2 мың көлігін шығаруды жоспарлап отыр. Ал 2027 жылы өндіріс көлемін 10 мың көлікке дейін жеткізу көзделген. Зауытта бұдан бөлек Chery, Great Wall Motor және Changan модельдері де шығарылады.

Жалпы 2026 жылы кәсіпорында шамамен 60 мың автомобиль, ал 2027 жылы 100 мыңға жуық көлік шығару жоспарланып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар