Биыл IPO-ға шығатын ҚТЖ акцияларын майдалап, 5 есе арттырады
Алдағы уақытта акцияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырған «Қазақстан темір жолы» компаниясы акцияларын 5 есе майдалап, жалпы санын көбейтпек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы ақпаратта жазылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Компания директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 1 акция 5 бөлікке бөлінеді. Бұлай бөлу процесі компания акцияларын қор биржасына алғаш рет көпшілікке сатуға (IPO) шығарғанға дейін жүргізіледі.
Соның нәтижесінде компанияның жалпы құны өзгермегенімен, әрбір акцияның бағасы 5 есе арзандауы ықтимал. Бұл болашақта акцияларды қатардағы инвесторларға сатып алуға қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.
Акцияларды бөлудің арқасында ҚТЖ-ның айналымдағы жай акциялар саны 5 есе көбейеді. Қазіргі уақытта компанияның 496 695 676 жай акциясы болса, сплиттен кейін бұл көрсеткіш 2 483 478 380 данаға жетеді.
Сплит жасалғаннан кейін компания өзінің шығаруға рұқсат етілген жай акцияларының шекті лимитін (жарияланған акцияларын) 2,48 миллиардтан 3,26 миллиард данаға дейін (тура айтқанда 3 267 734 711 данаға) көбейтуді жоспарлап отыр.
ҚТЖ-ның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» компания IPO-cын жыл соңына дейін өткізбек.
ҚТЖ – Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық компаниялардың бірі. 2026 жылдың алты айында 191 млрд теңге таза пайда тапқан. Оның жалпы міндеттемелері жылдық есепте 31%-ға көбейіп, 5,2 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелердің үлесі 3,8 триллион теңгені құрап, бір жылда 44%-ға артқан.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 28
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қыркүйек 2026