Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Сапар барысында Берлинде Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер өткізеді. Кездесулерде Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланады.
Мемлекет басшысы сапар аясында Мюнхен қаласына да барады. Сонымен қатар Германияның жетекші компанияларының, қаржы және ғылыми ұйымдарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесулер өткізеді.
Президент Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Айта кетейік, осыған дейін Германияның Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхен келіп, Тоқаевпен кездескен еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қыркүйек 2026