Қыз зорлады: федерация Үндістандағы жаттықтырушыға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан велоспорт федерациясы Үндістанда тергеуге алынған жаттықтырушы Мақсат Аязбаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ұйымның хабарлауынша, жаттықтырушы соңғы жылдары Қазақстаннан тыс жерде келісімшарт негізінде жұмыс істеген.
«Қазіргі уақытта оның кәсіби қызметі Үндістан құрамасымен байланысты. Үндістан бұқаралық ақпарат құралдары оның ұлттық команда құрамында жұмыс істеп, спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындап жүргенін жазады. Қазіргі таңда Мақсат Аязбаевтың Қазақстан ұлттық құрамасына ешқандай қатысы жоқ», – делінген хабарламада.
Федерацияның мәліметінше, БАҚ беттерінде сөз болған оқиғалар Үндістан аумағында болған. Бұл елде ресми тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалған. Тергеу аяқталғанша Үндістан велоспорт федерациясы маманның жұмысын уақытша тоқтатқан.
«Ресми тергеу аяқталып, барлық мән-жай анықталғанға дейін асығыс қорытынды жасамай, қандай да бір баға бермеу дұрыс деп есептейміз. Сонымен қатар нақты адамның әрекетін Қазақстанның ұлттық велоспорты мен ұлттық құрамасының қызметінен ажырата білу маңызды», – деп атап өтті ұйым.
Еске салайық, қазақстандық велоспорт жаттықтырушысы Үндістанда қыз зорлады деген күдікке ілікті. Оған Патиала қаласындағы Ұлттық спорт шеберлігі орталығында оқу-жаттығу жиыны кезінде кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдік келтіріліп отыр. Полицияның мәліметінше, болжамды оқиға 13 қыркүйекте болған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 27
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қыркүйек 2026