Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Махмұд Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

kz.kursiv.media

Махмұд Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Aichi-Nagoya 2026 Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ширек финалда Сабырхан Оңтүстік Корея өкілімен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы раунды қазақстандық боксшы үшін сәтсіз басталды. Бес төрешінің төртеуі бірінші раундты кореялық спортшының пайдасына берді – 4:1.

Алайда екінші раундта Махмұд қарқынын күшейтіп, жекпе-жектің барысын өзгерте алды. Бұл раундта төрешілердің 3:2 есебімен Сабырханға басымдық беруі қазақстандық боксшының кездесу тағдырын өз қолына алуына мүмкіндік берді.

Шешуші раундта да Махмұд белсенділігін сақтап, қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы ширек финалдан сүрінбей өтіп, Азия ойындарының жартылай финалына шықты.

Осылайша Махмұд Сабырхан кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Енді ол финал жолдамасы үшін шаршы алаңға шығады.

Бұған дейін, Махмұдтың інісі Төрехан Сабырхан да Азия ойындарының финалына шыққан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар