Алматыда жер сілкінді
28 қыркүйекте Алматыда жер сілкінісі сезілді деп жазады Kursiv Media.
Алматылықтардың телефонынан хабарлама да келді.
«Назар аударыңыз! Жер сілкінісі болды. Ғимараттың зақымдануы немесе өртене бастауы анықталған жағдайда төтенше жағдайлар департаментінің жедел желісіне телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз (279-22-32).
Егер Сіз ғимаратта қалып қойған болсаңыз, сабырлық сақтаңыз, сенім телефоны арқылы орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз! Қосымша ақпарат ТЖД мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматының төтенше жағдайлар қызметі жер сілкінгенін жоққа шығарды. Алматы тұрғындары таңертең жер сілкінгенін жазып жатыр.
Мадина Әбілда есімді Threads қолданушысы «Алматылықтар жер сілкінісінен шошып оянып жатырсыздар ма?» деп жазды.
Енді бірі «6:33 кезінде жер сілкінді. Алматы, амансыздар ма?» деп жазып жатыр.
Алайда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» Алматыда жер сілкінісі сезілмеді деп мәлімдеген.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 28 қыркүйек сағат 06:32-де Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелген.
«Алматы қаласында жер сілкінісі сезілген жоқ. Алматының ТЖД-ның «112» және «101» нөмірлеріне жер сілкінісіне байланысты оқиғалар мен өтініштер туралы хабарламалар түскен жоқ», – делінген ресми ақпаратта.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қыркүйек 2026