2031 жылға қарай 1,5 млн тонна: Қазақстан авиаотын өндірісін екі есе арттырады
Биыл Қазақстанда авиаотын өндірісі 825 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артты. Бұл көрсеткіш бастапқыда жоспарланған 750 мың тоннадан жоғары. Ал алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндіріліп үлгерді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. деп жазады Kursiv Media.
Салыстырмалы түрде айтсақ, 8 айдағы көрсеткіш өткен жылы өндірілген 726 мың тоннадан айтарлықтай көп. Алдағы уақытта өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыра отырып, 2031 жылға қарай оны 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген.
Қазіргі кезде отандық отын есебінен Қазақстанның азаматтық авиациясы, күш құрылымдары, азаматтық қорғаныс органдарының және мемлекеттік материалдық резервтің қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Мысалы, жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрайды.
Ал 2028 жылдан Қазақстаннан Еуропаға қатынайтын әуе компанияларына экологиялық таза авиаотын пайдалану міндеттеледі.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қыркүйек 2026