Көкшетауда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен
Көкшетауда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен деп хабарлайды Kursiv Media «Найза Көкше» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға сенбі күні Әуезов көшесінде болған. Бұл факт Көкшетау қаласының полиция басқармасында тіркелді.
Полицияның мәліметінше, Volkswagen көлігінің ішінде жүргізуші мен қыздың арасында жанжал болған.
«Алдын ала анықталғандай, көлік қозғалысы кезінде Volkswagen маркалы автокөліктің жүргізушісі мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік болған. Жанжал кезінде қыз көліктен жүріп келе жатып түсіп қалған. Соның салдарынан дене жарақатын алған», – деп хабарлады полиция.
Қыз жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», – деді полиция.
- Соңғы
-
-
- Қыркүйек, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қыркүйек 2026