Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Президент құттықтауында Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан құрамасының турнир барысында бірде-бір командалық кездесуде жеңілмегеніне назар аударды. Қазақстан 11 турдың қорытындысында жеті рет жеңіске жетіп, төрт кездесуді тең аяқтады. Ұлттық құрама 18 ұпай жинап, 189 әйелдер командасы арасында екінші орын иеленді.
Тоқаев қазақстандық шахматшылардың алдыңғы Олимпиададағы жетістігін қайталағанын да атап өтті. 2024 жылы Будапештте өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет күміс жүлдеге ие болған еді. Екі жылдан кейін команда Самарқандта тағы да екінші орын алды.
Самарқандтағы Олимпиадада Қазақстан сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қыркүйек 2026