Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкенттік спортшылар Азиада ойындарында тағы төрт медаль еншіледі

kz.otyrar.kz

Шымкенттік спортшылар Азиада ойындарында тағы төрт медаль еншіледі

Бүгінгі жарыс күнінде Шымкент қаласының спортшылары Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына төрт қола медаль қосты. Нысана көздеу: София Шульженко мен Елизавета Безрукова Қазақстан әйелдер құрамасының сапында командалық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Байдарка және каноэде есу: Шымкенттік Стелла Суханова 500 метрге бірлік-байдарка жарысында мәреге үшінші болып, Азия ойындарындағы екінші жүлдесін еншіледі.

Байдарка және каноэде есу: Сергей Емельянов пен Руфина Искакова аралас екілік-каноэде 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алды.

Семсерлесу: Қуаныш Эргашбай Қазақстан ерлер құрамасының сапында қылыштың командалық сайысында қола жүлдегер атанды.

Осылайша Шымкент спортшылары Азиададағы жүлде қорын толықтырып, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар