Ақтөбеде өрт сөндірушілер 27 көлікті өрттен аман алып қалды
Ақтөбеде Богослов тасжолы бойында құрғақ шөп пен автокөлік бөлшектері өртенді. Өрт шыққан аумаққа жақын жерде 27 көлік тұрған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жалынның көліктерге таралуына жол бермеген.
«Өрт Астана ауданында болды. Жалын толық сөндірілді, барлық көлік аман қалды. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство.
Өрттің шығу себебі анық
Айта кетейік, осыған дейін Семейде Сосновая көшесінде көлік жуу орнында ірі өрт шығып, жалын жүк көлігі мен екі жеке үйге де тарағанын жазған едік. 22 қыркүйек кешке көлік жуу орнының маңында газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін газ тасымалдайтын көлік жарылған. Өрт бір қабатты көлік жуу ғимараты мен екі жеке тұрғын үйге тараған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қыркүйек 2026