Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Табысы жоғары отбасылар 14 түрлі жәрдемақыдан қағылуы мүмкін

kz.kursiv.media

Табысы жоғары отбасылар 14 түрлі жәрдемақыдан қағылуы мүмкін

Қазақстанда кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі өзгереді, бірақ ол табысы жоғары және ауқатты отбасыларға қатысты болмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған Kursiv Media осылай деп хабарлайды.

Қазір елде жәрдемақының 39 түрі бар. Оның 14 түрі енді азаматтың нақты әлеуметтік жағдайы мен көмекке қаншалықты мұқтаж екеніне қарай беріледі.

Ол жәрдемақылар:

Министрлік әр төлем жеке қаралатынын түсіндірді. Мысалы, I топтағы мүгедектігі бар адамның мүгедектік бойынша жәрдемақысы сақталады. Алайда оның отбасында бала дүниеге келсе, бала тууына байланысты төлемді тағайындау кезінде отбасының қаржылық жағдайы, табысы ескеріледі.

Жаңа тәртіп Отбасының цифрлық картасы бойынша тұрмысы жоғары және ауқатты деп бағаланған «А» және «В» санатындағы отбасыларға қатысты болады.

Ведомствоның мәліметінше, өзгерістің мақсаты – мемлекеттік көмекті әлеуметтік тұрғыдан шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар