АҚШ Орталық Азия елдерінің цифрлық қауіпсіздігі үшін 5 млн доллар бөледі
АҚШ Орталық Азия елдерінің киберқауіпсіздігі мен цифрлық дамуын қолдауға шетелдік көмек бағдарламасы аясында 5 млн доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Марк Кэмерон мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Айтуынша, Орталық Азия стратегиялық маңызды орынға ие және деректер мен идеялардың жаһандық қозғалысындағы басты торапқа айнала алады.
«Мемлекеттер жаңа технологиялар мен интернеттің мүмкіндіктерін толық пайдалануы үшін оларға сапалы әрі сенімді байланыс желілері керек. Жасанды интеллект – болашақтың басты тренді», – деді Кэмерон.
Ол жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік басқаруды, сондай-ақ адамдардың өмір сүру, жұмыс істеу және өзара қарым-қатынас жасау салтын қазірдің өзінде өзгертіп жатқанын атап өтті.
Дипломаттың сөзінше, C5+1 елдері осы саладағы ынтымақтастықты дамыту үшін дұрыс уақытта және дұрыс орында тұр.
«Сондықтан да біз CRDF Global ұйымы арқылы Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік пен цифрлық саланы дамытуға АҚШ-тың шетелдік көмек бағдарламасынан 5 миллион доллар бөлдік, – деді ол.
Кэмерон қаражаттың кибероқиғаларға әрекет етуді жетілдіруге, аса маңызды инфрақұрылымды қорғауға, қаржы секторының қауіпсіздігін арттыруға және киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталатынын қосты.
Оқи отырыңыз: АҚШ шетел азаматтарына қатысты визалық шектеулердің жаңа ережесін енгізді
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қыркүйек 2026