Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Душанбеде балгер әйел ұсталды

kz.kursiv.media

Душанбеде балгер әйел ұсталды

Душанбеде милиция қызметкерлері Бела Казакова есімді 57 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Аvesta ақпаратына қарағанда, ол бұрын бал ашумен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Алайда Душанбе қаласы ІІМ басқармасының хабарлауынша, әйел пайда табу мақсатында бұл қызметін қайта жалғастырған.

Тексеру барысында Фирдавси ауданы бойынша ІІМ-нің 2-бөлімінің қызметкерлері оны бал ашып отырған жерінен ұстады.

Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 240-бабының 1-ескертуі бойынша қылмыстық іс қозғау үшін қажетті материалдар рәсімделді. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Душанбе қаласы ІІМ басқармасы азаматтарды балгерлерге жүгінуден үзілді-кесілді бас тартуға, сондай-ақ осындай әрекеттерді жоюға бейжай қарамауға шақырған.

Қазақстанда соңғы кездері өзін «емші», «көріпкел» немесе «балгер» ретінде таныстырып, дуа қайтаруды ұсынатын алаяқтардың құрбандарының саны артқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар