Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Додо Пицца" мейрамханалар желісіне кибершабуыл жасалды

kz.kursiv.media

Додо Пицца мейрамханалар желісіне кибершабуыл жасалды

«Додо Пицца» мейрамханалар желісіне кибершабуыл жасалды. Бұл туралы компания ресми нақтылады деп жазады Kursiv.Media.

Компания мәліметінше, кибершабуыл 27-28 қыркүйекте жасалған. Хакерлер клиенттердің аты-жөні, мекен-жайы, пошта, телефон нөмірі мен тапсырыстары жазылған деректерді ұрлаған болуы мүмкін. Желі өкілдері қаскөйлердің жолын кескенін, ішкі тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Дегенмен хакерлік шабуыл «Додо Пицца» жариялағаннан да әлдеқайда көлемді болуы мүмкін. DATASUCKERS хакерлік тобы мейрамханалар желісіне шабуылдап, 68 млн клиенттің жеке дерегін ұрлағанын мәлімдеді. Ол жерде тек Ресей ғана емес өзге елдердегі азаматтардың жеке мәліметтері де бар көрінеді. Бірақ мұны «Додо Пицца» растаған жоқ.

Егер DATASUCKERS мәлімдемесіне сенсек, өзге елдермен бірге Қазақстандағы тұтынушылардың жеке деректері де ұрлануы мүмкін. Kursiv.Media осы бойынша компанияның Қазақстандағы өкілдігіне сауал жіберді.

Дегенмен мамандар «Додо Пиццаның» қазақстандық клиенттерін сақ болуға шақырады. Компания атынан келген күдікті сілтемелерге өтпеуге, SMS-хабарламаларға жауап бермеуге және сайттағы аккаунттың құпиясөзін өзгертуге кеңес береді.

«Додо Пицца» пиццерия және «Дринкит» кофеханалар желісіне ресейлік Dodo Brands компаниясы иелік етеді. Былтыр ресми түрде Қазақстанға көшіп, Астана қаржы орталығына тіркелді.

Dodo Brands – әлемнің 26 елінде 1300-ден астам пиццерия мен кофехананы басқаратын халықаралық компания. Тек Қазақстанда 100-ден астам «Додо Пицца» мен 14 «Дринкит» жұмыс істейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар