Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Қазақстан-Германия бизнес форумында бірлескен жобаларды ұсынды

kz.kursiv.media

Тоқаев Қазақстан-Германия бизнес форумында бірлескен жобаларды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты. Жиынға екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Тоқаев Германияны Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі деп атап, екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.

«Қазақстан Германияны уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Біз Германияның экономикалық жетістіктеріне және өнеркәсіп мәдениетіне зор құрметпен қараймыз. «Made in Germany» бренді сапаның, инженерлік кемелдіктің, дәлдік пен жауапкершіліктің символы болып келеді», – деді президент.

Мемлекет басшысы аса маңызды материалдар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және озық технологияларды ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде атады.

Қазақстан мен Германияның инвестициялық портфелінде жалпы құны $54 млрд-тан асатын 40 жоба бар. Оның 21-і жүзеге асқан. Тоқаев өнеркәсіптік кооперацияны күшейту үшін Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіп бастамасын қолға алуды ұсынды.

«Мақсатымыз айқын: Қазақстанда жаңа салалардың пайда болуына септігін тигізетін, коммерциялық тұрғыдан өміршең жобаларды іріктеп алу, неміс технологиясы мен білімін меңгеру, өңірлік және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығару», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент энергетика, ауыл шаруашылығы және аса маңызды шикізат салаларындағы серіктестікті кеңейту қажеттігін де айтты. Сонымен қатар, Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға неміс компанияларын тартуға шақырды.

«Германия өнеркәсіпке арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматизация, киберқауіпсіздік, инженерия және қолданбалы зерттеулер салаларында мықты. Неміс компанияларын деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамытуға атсалысып, қазақстандық серіктестермен бірге тау-кен, энергетика және логистика салаларына арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуге шақырамын», – деді президент.

Өз кезегінде Франк-Вальтер Штайнмайер Германия мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Германия өз капиталы мен технологиясын ұсына алады, ал Қазақстанның табиғи ресурстары мен Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы серіктестікке жол ашады.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы басты сауда серіктесіміз. Германия капиталын, технологиясы мен өнеркәсіптегі тәжірибесін ұсына алады. Ал Қазақстанда табиғи ресурстардың мол қоры, орасан зор өсім әлеуеті бар», – деді Германия президенті.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Германия президентіне «Алтын Қыран» орденін табыстаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар