Тоқаевты Германияда ресми қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Берлинде оны қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Мемлекет басшысын Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қарсы алды. Екі ел басшысы делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер келіссөз өткізу үшін Германия Федералдық президентінің резиденциясына барды. Қазақстан президенті резиденциядағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Германияда транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мүмкіндігін талқылаған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қыркүйек 2026