Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысында мал ұрлаумен айналысқан 11 адам сотталды

kz.kursiv.media

Абай облысында мал ұрлаумен айналысқан 11 адам сотталды

Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адамнан тұратын топ сотталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, Бесқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ малды бірнеше рет ұрлауға қатысы бар адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

«Бірқатар ұрлық жасауға 11 адамның қатысы бар екені анықталды. Жалпы, олар 36 бас ұсақ малды ұрлаған, сондай-ақ тағы 14 бас малды ұрлауға әрекет жасаған. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың тағылған қылмыстарды жасаудағы кінәсін растайтын дәлелдемелерді ұсынды. Сот үкімімен барлық 11 сотталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кететін жайт, Батыс Қазақстанда ветеринарлар қылмыстық топ құрып, мал ұрлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар