Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысы шағын авиацияны дамыту үшін L-410 ұшақтарын сатып алады

kz.kursiv.media

Ақтөбе облысы шағын авиацияны дамыту үшін L-410 ұшақтарын сатып алады

Ақтөбе облысында шағын авиацияны дамыту үшін L-410 ұшақтарын сатып алу жоспарланып отыр. Облыс басшысы Асхат Шахаров аталған жоспарды Чехтің Omnipol Defence a.s. компаниясының басшылығымен талқылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру мәселелері Өнеркәсіпті дамыту қорымен бірлесіп пысықталып жатыр.

«Облыста шағын авиацияны дамыту жобасымен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біз үшін әуе кемелерін жеткізу, мамандарды даярлау және қажетті инфрақұрылымды құру мәселелерін кезең-кезеңімен шешу маңызды. Бұл жобаны іс жүзінде жүзеге асырып, өңірлік әуе қатынасын жолға қоюға мүмкіндік береді», – деді Асхат Шахаров.

Өз кезегінде Omnipol өкілдері ұшу және техникалық құрамды даярлау ісіне қатысуға әзір екендерін айтты.

L-410 ұшақтары Қазақстанда қазірдің өзінде пайдаланылып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылдан бері L-410 UVP-E20 үлгісіндегі екі әуе кемесі Ақтөбе қаласында базаланып, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ-да L-410 NG үлгісіндегі тағы төрт ұшақ бар.

L-410 – 19 жолаушыға дейін тасымалдауға арналған турбовинтті ұшақ. Ол шағын және орта қашықтықтағы әуе тасымалдары үшін қолданылады.

Бұл үлгідегі ұшақтар салыстырмалы түрде қысқа ұшу-қону жолақтары бар аэродромдарда пайдаланылуы мүмкін. Бұл жергілікті әуежайлар желісін дамыту үшін маңызды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар