Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда 50 жылда ауа температурасы әлемдік орта көрсеткіштен екі есе жылдам өскен

kz.kursiv.media

Қазақстанда 50 жылда ауа температурасы әлемдік орта көрсеткіштен екі есе жылдам өскен

Қазақстанда соңғы 50 жылда орташа жылдық ауа температурасы әлемдік көрсеткіштен шамамен екі есе жылдам өскен, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қазгидромет» деректеріне сүйенсек, 1976–2025 жылдары Қазақстандағы орташа жылдық ауа температурасы әр он жыл сайын шамамен 0,4 градусқа жоғарылаған. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 0,18–0,20 градус шамасында болған.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, 1980 жылдардан бері әр онжылдық алдыңғысынан жылырақ болған. 2006–2025 жылдар бақылау тарихындағы ең жылы 20 жылдық кезеңге айналды. Ал ең жылы 11 жылдың барлығы 2015–2025 жылдарға тиесілі.

Қазақстандағы жылыну қарқыны өңірлерге қарай да өзгереді. Мысалы, Қарағанды облысында орташа жылдық температура он жылда 0,29 градусқа өссе, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 0,59 градус болған.

Маусым арасында ең жоғары өсім көктемде байқалған. Бұл кезеңде температура әр он жыл сайын орта есеппен 0,7 градусқа жоғарылаған. Батыс және оңтүстік өңірлерде ыстық күндердің саны да артып келеді.

Қазақстанда 1941 жылдан бергі бақылау кезеңіндегі ең жылы жыл 2025 жыл болды. Сол жылы орташа жылдық температура 1961–1990 жылдардағы климаттық нормадан 2,96 градусқа жоғары болған.

Айта кетейік, осыған дейін қазан мен қарашада ауа райы қандай болатынын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар