Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Германия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Германия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Германия басшысына Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны және көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс білдірді. Ол Германияны Қазақстанның Еуропадағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі деп атап, екі ел арасындағы байланыс өзара сенім, құрмет және ортақ мүддеге негізделетінін айтты.

Президент келесі жылы Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толатынын еске салды. Оның айтуынша, осы кезеңде екі ел ынтымақтастықтың түрлі бағыттарында елеулі нәтижелерге қол жеткізген.

Өз кезегінде Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мен Германия арасындағы көпжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Германия президенті Қазақстан басшысының сапары екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Германияда транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мүмкіндігін талқылаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар