Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда бір үйір қой қырылып қалды

kz.kursiv.media

Маңғыстауда бір үйір қой қырылып қалды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 126 қой қырылып қалды. Мал 10 жергілікті шаруашылыққа тиесілі болған, деп хабарлайды Kursiv Media 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Малшының айтуынша, қойдың барлығы бір көзден су ішкен. Осыдан кейін мал жаппай қырыла бастаған.

Оқиға орнына ветеринарлар мен аудандық аумақтық инспекция мамандары барған. Олар қораларды залалсыздандырып, қырылған малдың өлекселерін арнайы белгіленген жерге жойды.

Мамандар нақты себепті анықтау үшін су мен малдан сынама алған. Қазір зертханалық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі шамамен 10 күнде белгілі болады. Қорытынды шыққаннан кейін қойлардың неден қырылғаны анықталады.

Оқи отырыңыз: БҚО-да белгісіз індеттен мал жаппай қырылды: министрлік тексеріс жүргізіп жатыр

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар