Flydubai ұшағы "басып алу" туралы төтенше сигнал берді: бортта 180 жолаушы бар
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласынан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai әуе компаниясының жолаушылар ұшағы төтенше жағдай туралы дабыл белгісін берді. Кейін рейстің басып алынғаны туралы 7500 сигналын берді, деп жазады Kursiv.Media израильдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Кейін ұшақты қарсы алу үшін Израиль Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары әуеге көтерілді. Бортта нақты не болғаны әзірге белгісіз.
БАҚ мәліметінше, ұшаққа Израильде қонуға тыйым салыннғандықтан ол Иордания үстінен кері бұрылып, Сауд Арабиясы бағытына қарай ұшқан. Әуе кемесінде 180-ге жуық адам бар.
Сондай-ақ ұшақпен байланыс үзіліп, ұшуды қадағалап отырған сервистерден жоғалып кеткені хабарланды.
Болған оқиғаға байланысты Израиль билігі шұғыл отырыстар өткізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге анықталып жатыр, қазіргі уақытта ұшақтың басып алынғаны туралы ресми растау жоқ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026