Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтеді
Құрылтай екі оқылымда Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Санжар Әділов атағандай, құжат 2024 жылғы 29 қазанда Дохада жасалған.
«Келісім ұйымдасқан қылмысқа, терроризм мен экстремизмге, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты реттейді», – деді Әділов.
Келісім аясында екі елдің құзыретті органдары қылмыстық іс қозғалғанға дейін жедел ақпарат алмасып, іздеудегі адамдар туралы деректерді салыстырып тексере алады. Сонымен қатар киберқылмыс пен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бағытында бірлескен жаттығулар өткізу, технология алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру қарастырылған.
Құжатты ратификациялау туралы заң жобасы Құрылтайдың тұрақты комитеттерінде қаралып, оң қорытынды алған.
Тағы да оқыңыз: Құрылтайда тағы 10 заң жобасы қаралады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026