Астанада қоғамдық мүлікті бүлдірген 143 адам анықталып, оның 89-ы қамауға алынды
Астанада жыл басынан бері қоғамдық мүлікті бүлдірген 143 адам анықталып, оның 89-ы қамауға алынды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Polisia.kz хабарлауынша, ғимараттар мен өзге де құрылыстарды, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарды қорлағаны үшін 77 тұлға анықталып, оның 51-іне әкімшілік қамау жазасы қолданылды.
«Қоғамдық орындардың тазалығы мен санитариялық жағдайын сақтау бағытында ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты 928 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Полиция рұқсатсыз салынған жазулар мен граффитилерді анықтау және жою бойынша да кешенді жұмыстар жүргізуде», – делінген ақпаратта.
Бүгінде 159 граффити фактісі анықталып, оның 128-і боялып, бастапқы қалпына келтірілді. Есірткі тақырыбындағы граффитиге ерекше назар аударылуда. «Smart Astana» қосымшасы мен «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық сервисі арқылы келіп түскен хабарламалар негізінде 151 есірткі граффитиі анықталып, жойылған.
Айта кететін жайт, Астанада жыл басынан бері 63 бала терезеден құлап кеткен.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026