Министрлік: Азаматтардың басым бөлігі ағзасын донорлыққа беруден бас тартады
Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісетіндер әлі де көп емес, бірақ ақырындап көбейіп келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Kursiv Media редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.
Ресми ақпарға сүйенсек, осы жылы 184 191 адам eGov арқылы қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беру-бермеу туралы өз шешімін ресми түрде тіркеген. Яғни мемлекетте осы адамдардың таңдауы туралы ақпарат бар.
Бірақ 184 мың адамның ішінде тек 17 мыңы ғана ағзасын донорлыққа беруге келіскен, ал 167 мың адам бас тартқан. Осылайша донор болуға келіспегендер келіскендерге қарағанда 9,8 есе көп болып отыр.
2025 және 2026 жылдардағы көрсеткіш
Былтырғы жағдай бұдан өзгешелеу еді. Донор болуға қатысты өз шешімін білдірген азаматтар әлдеқайда аз болған. 2025 жылдың желтоқсанындағы есеп бойынша, 132 835 адам өз шешімін ресми түрде тіркеп, бір жылда олардың саны 51 356 адамға немесе 38,7%-ға өскен.
Бірақ олардың ішінде 10 мыңы ғана (10 234 – ресми есеп) донор болуға келісім берген. Ал қайтыс болғаннан кейін донор болудан бас тартқандар саны 122 601 еді. Яғни былтыр да донор болудан бас тартқандар үлесі көп болды.
Екі жылдың көрсеткішін салыстырсақ, елімізде донорлыққа қатысты нақты бір шешім шығарып, өз еркін ресми түрде тіркегендер саны артып келеді. Бірақ олардың басым бөлігі донор болудан бас тартқан. Тек 8-9%-ы ғана қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келіскен.
Биыл денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донор болуға келіскенін айтқан.
Денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыздың бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттілігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан қабылдадым», – деп жазды ол.
Министр осы әрекетімен азаматтарға донор болуға үлгі көрсетуге тырысты. Оған себеп те жоқ емес. Елде 4 867 адам донор кезегінде тұр. Оның ішінде:
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026