Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

12 эпизод бойынша айып тағылды: Атыраулық хакердің ісі тергеліп жатыр

kz.kursiv.media

12 эпизод бойынша айып тағылды: Атыраулық хакердің ісі тергеліп жатыр

Құрылтай брифингінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов атыраулық хакер Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланғанын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қазіргі таңда алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылды. Қазір іс сотқа дейінгі тергеуден өтіп жатыр. Қалған ақпаратты жария етуге құқығым жоқ», – деді Санжар Әділов.

Атыраулық хакер жайлы Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасы хабар-ошарсыз кеткенінен кейін тарады. Ол отбасы мүшелерінің қайда жүргенін болжап, деректерді келтірген еді.

Хакердің нұсқасы бойынша, қараша айында ықтимал күдікті шамамен екі апта мерзімге Түркияға шыққан, онда жоғалған отбасы мүшелерінің бірінің банк картасы қолданылған-мыс. Содан кейін, хакер айтқандай, ер адам Ақтауға оралып, Қазақстан аумағында орын ауыстырып жүрген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар