Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға түсіріп, Азия ойындарының финалына шықты

kz.kursiv.media

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға түсіріп, Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына жолдама алды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте қарсыласынан айқын басым түсті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Айбек кездесуді өте сенімді бастады. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы жеңісті қазақстандық боксшыға берді – 5:0.

Екінші раундта да Оралбай басымдығын сақтап, төрешілердің бірауыздан шешімімен тағы 5:0 есебімен үздік шықты.

Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарқынын одан әрі арттырып, үнді боксшысын нокдаунға түсірді. Осылайша Айбек Оралбай жекпе-жекте жеңіске жетіп, Азия ойындарының финалына шықты.

Айбек Оралбай финалда Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады. Екі боксшы әуесқой рингте бұған дейін үш рет кездесіп, жеке жекпе-жектер есебінде қазақстандық боксшы 2:1 есебімен алда келеді.

Алғашқы кездесу 2024 жылдың желтоқсанында Азия чемпионатында өтіп, Оралбай жеңіске жеткен. 2025 жылы Әлем кубогында Зокиров қарымта қайтарды. Ал олардың үшінші жекпе-жегі 2025 жылдың қыркүйегінде Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында болды. Тартысты кездесуде Айбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Енді Оралбай мен Зокиров төртінші рет кездесіп, бұл жолы Азия ойындарының алтынын сарапқа салады.

Ал ертең, 29 қыркүйек күні жартылай финалда қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады. Ерлер арасында Төрехан мен Махмұд Сабырхандар, әйелдер арасында Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова финалдық жолдама үшін таласады.

Бұған дейін, Айбектің бауыры Нұрбек Оралбай өзбек боксшысына есе жіберіп, Азия ойындарында жүлдесіз қалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар