Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әбиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға шықты

kz.kursiv.media

Әбиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи–Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарын сенімді бастады.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әбужақынова ширек финалда Үндістан өкілі Асмита Деймен кездесті. Қазақстандық спортшыға жеңіске жету үшін небәрі 25 секунд жеткілікті болды.

Әбиба қарсыласын иппонға түсіріп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша ол Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, иппон – дзюдодағы ең жоғары баға. Спортшы иппон алған сәтте белдесу бірден тоқтатылып, жеңіс соған беріледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар