Канье Уэсттің Ресейдегі концерті болмайтын болды
Канье Уэсттің Ресейдегі концерті толығымен тоқтатылды. Америкалық рэпердің өнер көрсетуіне күштік құрылымдар қарсы шықты. Ал Санкт-Петербург билігі концерттің әкімдікпен келісілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ye-нің екі концерті 10 және 11 қазанда Петербургтағы «Газпром Аренада» өту керек болған. Ұйымдастырушы – мәскеулік Say Agency агенттігі билеттерді сата бастағанымен, іс-шараны қала билігімен келісілмегені белгілі болды.
Петербург әкімшілігі Мәскеуге жүгінгеннен кейін, концертті ұйымдастыруға да, орындаушының өзіне де қатысты талаптар пайда болды. «Газпром Арена» агенттікпен шарт жасалмағанын және алаңда концерт өткізу мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Концертке күштік құрылым өкілдері де қарсы шықты. Оларға Уэсттің Адольф Гитлер туралы бұрынғы мәлімдемелері мен тыйым салынған символиканы пайдалануы ұнамады. 24 қыркүйекте «Россия сегодня» медиатобының бас директоры Дмитрий Киселев концерттің өтпейтінін көпшілік алдында мәлімдеді.
Концертті ұйымдастырушы Say Agency агенттігіне қазірдің өзінде 1,4 миллион рубльдің талап-арызы қойылды. Қыркүйек ортасында Петербургтегі шоу туралы ақпарат рэпердің ресми сайтынан өшірілді. Дегенмен 28 қыркүйекте түріктің ILS Vision компаниясы Канье Уэст 2027 жылдың 10 шілдесінде Мәскеуде концерт беруі мүмкін екенін хабарлады.
Алматыдағы концертінен кейін, америкалық рэпер Канье Уэсттің кезікті сапары дауға айналды. Музыканттың Ресейдегі Санкт-Петербург қаласында жоспарланған концерті өтпей қалуы мүмкін деген сыбыс тараған.
Еске сала кетейік, жақында Канье Уэст Алматыда өнер көрсеткен еді. Қазақстандағы концерт те оңайға соқпады: рэпер сахнаға шықпас бұрын стадионда жарық өшіп, соңы жауын мен дауылға ұласып, шоу бір күнге кешігіп өтті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026