Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

kz.kursiv.media

Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы финалда жарыс қожайыны, жапониялық Мицуки Кондомен алтын медаль үшін белдесті. Шешуші кездесуде Кондо жеңіске жетіп, Әбибаға күміс жүлде бұйырды.

Әбужақынова Азия ойындарын ширек финалдан бастады. Ол алғашқы белдесуінде үндістандық Асмита Дейді небәрі 25 секундта иппонмен жеңді. Жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Чэнь-Хаодан басым түсіп, финалға жолдама алған еді.

Осылайша Әбиба Әбужақынова қатарынан екінші Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының финалында да Жапония өкілі Нацуми Цунодаға есе жіберген болатын.

Әбиба – Қазақстан әйелдер дзюдосындағы ең нәтижелі спортшылардың бірі. Оның еншісінде әлем чемпионаттарының үш жүлдесі бар: 2022 және 2024 жылдары қола, 2025 жылы күміс медаль жеңіп алған.

Енді Қазақстан құрамасының тағы бір алтынға басты үміті – Елдос Сметов. 60 келідегі Париж Олимпиадасының чемпионы финалда Мицуки Кондоның ағасы Хаято Кондомен белдеседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар