Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдос Сметов Азия чемпионын жеңіп, финалға шықты

kz.kursiv.media

Елдос Сметов Азия чемпионын жеңіп, финалға шықты

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық дзюдошы жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юнвэйді жеңді. Осылайша Сметов Азия ойындарының алтын жүлдесі үшін белдесетін болды.

Ян Юнвэй – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы. Бұл екі дзюдошы үшін алғашқы кездесу емес. Париж Олимпиадасының ширек финалында да Сметов Ян Юнвэйді жеңіп, кейін Олимпиада чемпионы атанған еді.

Сметов Аичи–Нагоядағы жарысты 1/8 финалдан бастады. Алдымен Оңтүстік Корея өкілі Ли Харимді иппонмен жеңсе, ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайваннан да иппонмен басым түсті. Енді үшінші жеңісінен кейін финалға шықты.

Айта кетейік, Сметов бұған дейін де Азия ойындарының чемпионы атанған. Ол 2014 жылы Инчхонда 60 келіде алтын медаль жеңіп алған.

Енді 34 жастағы қазақстандық дзюдошының 12 жылдан кейін Азия ойындарының алтынын қайта жеңіп алуға мүмкіндігі бар. Финалдық белдесулер Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Бұған дейін, әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова да финалға шықты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар