Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«ҚазМұнайГаз» өзіне тиесілі компания акцияларын қайта сатып алып жатыр

kz.kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» өзіне тиесілі компания акцияларын қайта сатып алып жатыр

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы AIX қор биржасында Қашаған кен орнына тікелей қатысы бар ірі қаржы мәмілесі туралы ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Mediа.

Сөз KMG Kashagan B.V. компаниясының 100 пайыз акциясын толық сатып алу туралы. Мәміледегі сатушы – ұлттық компанияның өзге еншілес құрылымы, Cooperative KazMunaiGaz U.A. мекемесі.

Жарияланған ресми құжатқа сәйкес, бұл келісім «ҚазМұнайГаздың» жалпы активтерінің 14,8 пайызын құрайды. Ал ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, ұлттық компанияның жиынтық активтері 19 трлн теңгены құрағанын ескерсек, келісімінің жалпы құны шамамен 2,8 трлн теңгені құрауы ықтимал.

«ҚазМұнайГаз» – елдің ірі мұнай активтерін басқаратын ұлттық компания. Оның биыл алты айдағы таза пайдасы 904 млрд теңгені құраған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар