Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекеттен қолдау алған банктер бизнеске кредит беруге асығар емес - депутат

kz.kursiv.media

Мемлекеттен қолдау алған банктер бизнеске кредит беруге асығар емес - депутат

иллюстрация kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Әділет» партиясы фракциясының депутаты Татьяна Савельева Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке депутаттық сауал жолдады. Депутат бизнеске берілетін несиенің қымбаттығы және осы саладағы мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Депутаттың айтуынша, 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердегі тез арада қолдануға болатын (жоғары өтімді) активтер көлемі 23,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл – бүкіл банк жүйесіндегі қаржының үштен бір бөлігі. Бұл ретте Ұлттық банк нарықтан 7 трлн теңгеге дейінгі бос ақшаны қайта алып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттің өзі де ішкі нарықтан белсенді түрде қарыз тартып жатыр. Тек шілде айында Қаржы министрлігі мемлекеттік облигациялар арқылы 750 млрд теңге тартты. Бұл бағалы қағаздардың жылдық кірістілігі 18,93%-ға дейін жетті.

Екінші деңгейлі банктер үшін бизнесті ұзақ мерзімге қаржыландырып, тәуекелге бас тіккеннен көрі, тәуекелі жоқ, кірісі жоғары мемлекеттік құралдарға ақша салу әлдеқайда тиімді болып отыр.

Қазіргі уақытта бизнеске теңгемен берілетін несиенің орташа пайызы 21,5%-ды құрайды. Мемлекет бұл несиелерді арзандату үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және даму институттары арқылы қосымша қолдау көрсетуге мәжбүр.

Савельеваның айтуынша, әтижесінде тұйық шеңбер қалыптасты: банктерде ақша бар, мемлекет ол ақшаны жоғары пайызбен өзі қарызға алады. Ал бизнес үшін несие қымбат күйінде қалып, ал мемлекет содан кейін несиені арзандату үшін тағы да өз казынасынан қаржы жұмсайды.

«Мұндай жүйе мемлекеттік қаржыға екі есе салмақ түсіреді. Ел қазынасы бір жағынан қарызды өтеуге шығынданса, екінші жағынан реалық секторды қолдауға қосымша бюджет бөлуге мәжбүр», – деді ол.

Қалыптасқан бұл жағдайға базалық мөлшерлеме, банктік реттеу, қаржының өз құны және жобалардың сапасы секілді факторлар әсер етеді. Осыған байланысты депутат Үкімет пен Ұлттық банкті бірлесіп мынадай шараларды жүзеге асыруға шақырды:

Ресми дерек бойынша, Қазақстан экономикасына жалпы 53,2 трлн теңге кредит берілген. Соның 28 трлн теңгесі халықтың алған несиесі болса, бизнеске берілген кредит қазір 25,4 трлн теңгені құрайды. Ал екінші деңгейлі банктерден бизнестің алған қарызы 22 трлн теңгеге тең.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар