Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Вьетнам өкілі Нгуен Тхи Таммен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті вьетнамдық боксшыға берді – 0:5.
Осылайша Алуа финалға өте алмай, Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
Балқыбекова турнирді 1/8 финалдан бастаған. Алғашқы жекпе-жегінде Үндістан өкілі Сакшиді 3:2 есебімен жеңді.
Ширек финалда қазақстандық боксшы жарыс қожайыны Юна Нишинакамен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте Балқыбекова тағы да төрешілердің бөлек шешімімен – 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға және кемінде қола медальға кепілдік берген еді.
Ал жартылай финалдағы қарсыласы Нгуен Тхи Там бұған дейін Оңтүстік Корея өкілі Бак Чоронды 5:0 есебімен жеңіп, үздік төрттікке енген.
Осылайша Алуа Балқыбекова Аичи–Нагоядағы Азия ойындарын қола жүлдемен қорытындылады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026