Зайсан көлінде балық аулап, суға кеткен екі адамның мәйіті табылды
Зайсан көлінде балық аулап, суға кеткен екі адамның мәйіті табылды, іздестіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Kursiv.media.
112.kz ақпаратына қарағанда, 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округінде 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.
«ТЖМ күштері мен құралдарымен үздіксіз іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар өз қайықтарымен қатысты. Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды», – делінген ақпаратта.
29 қыркүйекте 2001 жылы туған ер адамның денесін жергілікті тұрғындар тапқан. 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.
Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізген. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланған.
Айта кететін жайт, ауыл шаруашылығы министрі белгілі бір мезімге балық және басқа да су жануарларын аулауға тыйым салатын бұйрық жариялады. Оның ішінде Зайсан-Ертіс бассейні де бар.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026