Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлыбритания Еуроодаққа қайта қосылу мәселесін қарастыруы мүмкін

kz.kursiv.media

Ұлыбритания Еуроодаққа қайта қосылу мәселесін қарастыруы мүмкін

Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бернэм болашақта Еуроодақпен қайта қосылу мүмкіндігін қарастыру керек екенін айтты. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.

Бернэмнің сөзінше, үкімет ЕО-мен қазіргі қарым-қатынасты сақтап қалу, Еуропаның бірыңғай нарығына және кеден одағына қайта қосылу, сондай-ақ ЕО-ға толыққанды мүше болу сияқты бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр.

Лейбористік партия конференциясында сөз сөйлеген премьер-министр Ұлыбританияның ЕО-дан шығуының пайдасынан зияны көп болды деген пікірін айтты. Одақтан шыққаннан кейін де Brexit жақтастары уәде еткен «бақылауды қайтару» жүзеге аспаған. Салдарынан елдің экономика мен иммиграцияны реттеу мәселесіндегі әлі де шешім таппаған.

Бірақ үкімет жаңа референдум өткізуге асығып отырған жоқ. Ұлыбританияның алдағы он жылға арналған даму жоспарында Еуроодақпен қарым-қатынасты қайта қарау деген мақсат бар.

Франция президенті Эммануэль Макрон Ұлыбританияның ЕО-ға қайта оралу мүмкіндігін «өте жақсы жаңалық» деп атады. Алайда ол Лондон ЕО шарттарының тек өзіне тиімді бөлігін ғана таңдай алмайтынын ескертті.

«Одақтың бостандықтарының ішінен таңдау жасауға немесе тек өзіңізге тиімді нәрсені алып, қалғанынан бас тартуға болмайды», – деді Макрон.

Еске салайық, 2016 жылы өткен референдумда Ұлыбритания азаматтарының басым бөлігі Еуроодақтан шығуды қолдаған еді. YouGov компаниясының биыл маусымдағы сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 55 пайызы Ұлыбританияның ЕО-ға қайта қосылуын қолдаған, 34 пайызы қарсы болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар