Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дала дәмі: Астанада Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді

kz.kursiv.media

Дала дәмі: Астанада Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Астаналықтар алдағы демалыс күндері Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып ала алады. 3-4 қазан күндері елордада өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Астана әкімдігінің мәліметінше, екі облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеге 400 тоннадан астам өнім жеткізеді. Шығыс Қазақстан облысының шаруалары жәрмеңкеге 50-ден астам түрлі тауар әкеледі. Олардың қатарында ет, сүт өнімдері, балық, бал және ара шаруашылығы өнімдері, өсімдік майы, жарма, шұжық өнімдері, қымыз және ұлттық тағамдар бар.

Ал Ақтөбе облысынан жәрмеңкеге 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын, сондай-ақ өңірдің 12 ауданынан фермерлер қатысады.

Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында ұйымдастырылады. Жәрмеңке екі күн бойы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Тұрғындар мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынайды.

Өңірлік жәрмеңкелер Астанада әр демалыс сайын 25 қазанға дейін ұйымдастырылады. Келесі жәрмеңкелердің кестесі:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар