4 қазаннан бастап Алматыдағы автотұрақтар 200 теңгеге қымбаттайды
Алматыда коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі өзгереді. Жаңа тарифтер 4 қазаннан бастап енгізіледі деп хабарлайды Kursiv Media әкімдікке сілтеме жасап.
Қалалық мәслихат шешімі бойынша, енді тұрақ ақысы автотұраққа деген сұраныс пен көлік қозғалысының қарқынына қарай белгіленеді.
Жаңа тәртіп бойынша:
Сонымен қатар ақылы автотұрақ орналасқан үйлердің тұрғындары үшін жеңілдік қарастырылған. Олар үйіне жақын орналасқан тұрақта бір көлігін тегін қоюға арнайы рұқсат ала алады. Кейбір санаттағы азаматтарға берілетін жеңілдіктер де сақталады.
Қалалық басқарманың мәліметінше, жаңа тарифтің негізгі мақсаты – бос тұрақ орындарын көбейтіп, жүргізушілердің тұрақ іздеуге кететін уақытын қысқарту.
Аталған мәселе 18 қыркүйекте өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралған еді. Қазір Алматыдағы ақылы автотұрақтардың тарифі сағатына 100 теңге. Бұл баға 2016 жылдан бері өзгермеген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026