Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

kz.kursiv.media

Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Aichi-Nagoya 2026 жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы жекелей сында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

1 қазанда өткен жартылай финалда Путинцева Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесіп, 4:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Осылайша қазақстандық теннисші финалға шыға алмай, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Путинцева ширек финалда Таиланд өкілі Мананчая Савангкаевты 6:3, 6:0 есебімен сенімді жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.

Қазақстандық теннисшінің Азиададағы жарысы мұнымен аяқталған жоқ. Бүгін ол Анна Данилинамен бірге әйелдер арасындағы жұптық сынның ширек финалында Қытайдың Цзян Синьюй/Ян Чжаосюань жұбына қарсы ойнайды.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева жұптық сынның ширек финалында Гонконг өкілдері Юдис Чонг пен Коди Вонгпен кездеседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар