Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының чемпионына есе жіберді

kz.kursiv.media

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының чемпионына есе жіберді

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық балуан ширек финалда Жапония өкілі Нао Кусакамен кездесті. Тартысты өткен белдесу 11:9 есебімен жапониялық спортшының пайдасына аяқталды.

Осылайша Жадыраев Азия ойындарының жартылай финалына тікелей өте алмады. Дегенмен оның жүлдеге таласу мүмкіндігі әлі сақталып отыр. Егер Кусака финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесулеріне қатысып, қола медаль үшін күресті жалғастырады.

Еске сала кетейік, Жадыраев пен Кусака Париж Олимпиадасының финалында да кездескен. 2024 жылғы Олимпиаданың шешуші белдесуінде жапониялық балуан 5:2 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанған. Ал Демеу Жадраев Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді.

Аичи–Нагояда Жадыраевтың екі жылдан кейін Олимпиада финалындағы қарсыласынан қарымта қайтаруға мүмкіндігі болғанымен, бұл жолы да Кусака басым түсті. Енді қазақстандық балуанның Азия ойындарындағы тағдыры жапониялық спортшының жартылай финалдағы нәтижесіне байланысты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар