Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұрлан Имам: Неке – прошивкасы өзгеріп, жаңартылатын ұялы телефон емес

kz.kursiv.media

Нұрлан Имам: Неке – прошивкасы өзгеріп, жаңартылатын ұялы телефон емес

Нұрлан Имам деген атпен танымал Нұрлан Байжігітұлы некені жаңарту туралы мұсылмандардың бірінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Оның пікірінше, Исламда неке жаңартылады деген түсінік жоқ.

«Неке – прошивкасы өзгеріп, 16.24 деп жаңаратын ұялы телефон емес. Жаңа нұсқасы шықпайды. Тіпті, некеңізді қиған молда өліп қалса да, неке жаңартылмайды. Неке жұптардың бірі өмірден өтсе немесе ресми ажырасса ғана, неке жаңартылады. Басқа уақытта «жаңартылады» деген түсінік жоқ, – деді имам.

Нұрлан Байжігітұлының пікірінше, соңғы уақытта «некені жаңарту» деген ұғым соңғы уақытта тарап жүр. Кейін қосылған. Дұрыс түсінбеген пайда болған. Ер адам мен әйел адам ұрсысқан кезде «талақ» деген сөздер айтылса, неке бұзылады. Мұндай жағдайда өзі тұрып жүрген әйелімен неке қайта қиылады.

«Ал еркек адамның әйелмен ұрсысуы, жағаласуы – әбүйірсіздік. Жеңсе де, жеңілсе де. Өйткені, ер адам әйелмен салғыласпайды. Сол үшін ол – ер адам», – деп түйіндеді имам.

Айта кететін жайт, дінді насихаттайтындарға ресми құжат беріліп жатыр, алғашқысы Нұрлан имамға табысталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар