Оралда жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті
Оралдағы Зашаған кентінде №2 бағыттағы жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Куәгерлер автобустың ішінде жолаушылар болғанын, олар өз бетінше шығып үлгергенін айтты, деп хабарлайды Kursiv Media.
«Мой Город» басылымының мәліметінше, Брусиловский көшесіндегі «Салтанат» дүкенінің аялдамасында №2 бағыттағы жолаушылар автобусынан өрт шыққан. Кейін жалын күрт тұтанып аялдамаға да көшкен.
«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС бас директоры Асхат Құлбаев төтенше жағдай соңғы аялдамаға жақын жерде болғанын айтты. Автобуста жүргізушіні қосқанда 6-7 адам болған.
«Салонның артқы жағында жергілікті учаскелік полиция инспекторы болған, түтінді сол кісі байқаған. Автобус дереу тоқтатылып, ол өрт сөндірушілерді шақырды. Ер адамдар өз күштерімен отты сөндіріп көрді, бірақ, ешнәрсе шықпады. Бастысы ешкім зардап шеккен жоқ. Техника болғандықтан әр түрлі жағдай болады, себебін анықтайтын боламыз. Өрттің себебі әзірге белгісіз», – деп түсіндірді Асхат Құлбаев.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026