"Мемлекетке 124,8 млн теңге өндірілді": Астанада заңсыз ойын бизнесі жойылды
Астана қаласының прокуратурасы Instagram және TikTok әлеуметтік желісінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктіні ұстады. Заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды kursiv.media.
Қалалық прокуратура заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Сот үкімі шыққаннан кейін, қылмыскерлердің заңсыз тапқан ақшасы мемлекетке қайтарылады.
Сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың талап қою талаптары толық қанағаттандырылды.
Нәтижелері бойынша Instagram және TikTok әлеуметтік желісіндегі екі құмар ойынды ұйымдастырушыдан заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша өндірілді.
Астана прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын еске салды.
«Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады», – деп хабарлады ведомство.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026