Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан буллинг пен кибербуллинг үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақшы

kz.kursiv.media

Қырғызстан буллинг пен кибербуллинг үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақшы

Қырғызстан үкіметі буллинг пен кибербуллинг үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынып отыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды деп жазады Kursiv Media.

Қазір Қырғызстан заңнамасында «буллинг» және «кибербуллинг» деген нақты заңды ұғымдар жоқ. Тиісінше балаларды әдейі қорқытып, кемсітіп немесе мазақтағаны үшін заңда нақты жаза қарастырылмаған.

Енді жаңа заң жобасында буллинг үшін жеке әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Егер буллинг ауыр зардапқа әкелмесе, оған 5,5 мың сом (шамамен 27,5 мың теңге) айыппұл салу көзделіп отыр. Ал кибербуллинг үшін айыппұл 7,5 мың сом (шамамен 37,5 мың) теңге болады.

Егер жүйелі түрде қудалау адамның құқығын бұзып, денсаулығына зиян келтірсе, қылмыстық жауапкершілік қарастырылмақ. Мұндай жағдайда 50 мыңнан 100 мың сомға дейін (шамамен 250-500 мың теңге) айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарғаа тарту немесе бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылған.

Сонымен қатар заң жобасында буллинг немесе кибербуллинг арқылы адамды суицидке итермелеген жағдайлар үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылып отыр.

Осыған дейін Құрылтай депуаттары да балаларға буллинг көбейгенін айтып, әлеуметтік желіні шектеуді ұсынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар