Орман өрттерін ерте анықтайтын жүйелерге 16,9 млрд теңге бөлінді
Енді Павлодар облысында орманда шығатын өртердің қаупін алдын алуға болады. Осы орайда өрттерді ерте анықтайтын жүйелерді дамытуға 16,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Павлодар облысындағы табиғи аумақтарды орман өрттерін ерте анықтау жүйелері тәулік бойы бақылап отыр. Ол өрт белгілерін автоматты түрде анықтап, ақпаратты диспетчерлерге жолдайды.
Осының арқасында оқиға орнына күштерді жылдам жіберу мүмкін болады. Жүйелер өрттің алғашқы белгілерін анықтау үшін бейнебақылауды пайдаланады.
Жұмыс «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүргізіліп жатыр.
«Жасыл даму» АҚ өртті ерте анықтау жүйелерін енгізуге барлығы 16,9 млрд теңге бөлді. Қазақстанның жеті өңірінде қазірдің өзінде 14 ерте анықтау жүйесі орналастырылған.
Олардың міндеті – өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, оттың үлкен аумақтарға таралуына жол бермеу үшін өртті мүмкіндігінше ерте анықтау.
Бұған дейін Kursiv.Media Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватына заманауи арнайы техника сатып алуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін жазған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026