Автолизингтің ең жоғары пайызы белгілі болды
Қазақстанда автолизинг шарттары бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті деңгейі белгіленді. Максималды мөлшерлеме көліктің құнына байланысты болады және жылдық 46%-ға дейін жетеді. Тиісті мөлшерлемелер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітілді.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі автокөліктің құнына қарай өзгереді:
Сыйақы мөлшерлемесінен бөлек, келісімшартта өтінімді қарау комиссиясы және бастапқы жарна қарастырылуы мүмкін.
Сондай-ақ көлікті жарамды күйде ұстау және оған техникалық қызмет көрсету шығындарын клиент өзі өтейді. Автокөлік зақымданған жағдайда оны жөндеу және қалпына келтіруге қосымша шығын шығуы мүмкін. Ал келісімшарт талаптары бұзылса, айыппұл салынуы мүмкін.
Автолизинг кезінде компания көлікті сатып алып, оны клиентке уақытша пайдалануға береді. Азамат автокөліктің құнын келісімшартта көрсетілген мерзім ішінде бөліп төлейді. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін клиенттің екі мүмкіндігі бар: көлікті лизинг берушіге қайтару немесе оны қалдық құны бойынша сатып алу.
Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы 2025 жылдың соңында іске қосылған. Жаңа ережелер 9 қазаннан бастап күшіне енеді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026