Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы тауларында 73 жастағы шетелдік іздестіріліп жатыр

kz.kursiv.media

Алматы тауларында 73 жастағы шетелдік іздестіріліп жатыр

Алматы тауларында 73 жастағы шетелдік азаматты іздеу жұмыстары екінші тәулік бойы жалғасып жатыр. Ол Талғар асуы маңында шамамен 3200 метр биіктікте жоғалып кеткен, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, 1953 жылы туған ер адам 28 қыркүйекте әріптестерімен бірге «Шымбұлақ» канат жолы арқылы тауға көтерілген. Кейін ол маршрутты жалғыз жалғастырып, қалаға өз бетімен түсетінін айтқан. Алайда қонақүйге оралмаған.

Қазір іздеу жұмыстарына 50-ге жуық адам, жеті дрон, «Қазавиақұтқару» тікұшағы және үш кинологиялық топ тартылған. Құтқарушылар Левый Талғар, Богданович мұздығы және жақын маңдағы шатқалдар мен тау соқпақтарын тексеріп жатыр.

Сонымен қатар бейнебақылау камераларындағы жазбалар қаралып, тауда болған туристерден ақпарат жиналуда. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін теңіз деңгейінен 4 мың метрден астам биіктіктегі Сәтпаев шыңынан турист құтқарылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар